«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 235 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2012.29.11. № 391 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2011 жылғы 27 маусымдағы

№ 235 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламенті
 
 
1. Негізгі ережелер

 

1. Осы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу - жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі.

3. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы ұсынады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: жартылай автоматтандырылған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.