«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылы 27 маусымдағы № 235 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрінің 2012.29.11. № 391 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2011 жылы 27 маусымдағы

№ 235 бұйрығына

3-қосымша

 

«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
 
 
1. Негізгі ережелер

 

1. Осы «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру - құқықтары жеке немесе заңды тұлғаларға тіркелген (оның ішінде тоқтатылған) жылжымайтын мүліктердің барлық объектілері туралы мәлімет бар құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну жөніндегі қызмет.

3. «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) және «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі - ЭҮП) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық) ұсынады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысының, «Құқықтық кадастардан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4926 тіркелген) (бұдан әрі - Ереже) негізінде жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нәтижесі жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру туралы, уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған анықтама (е-Анықтама) беру болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.