«2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 38/2 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 2/12 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 108-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» облыстық мәслихаттың IV шақырымы отызыншы сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/2 шешіміне (2011 жылғы 18 қантардағы № 1769 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Солтүстік Қазақстан», 2011 жылғы 25 қаңтардағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 76 792 902,1 мың теңге, соның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 9 169 977 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 612 485 мың теңге;
трансферттер түсімі - 67 010 440,1 мың теңге;»;
2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«2) шығындар - 77 133 274,6 мың теңге;»;
10-1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«10-1. 5 қосымшаға сәйкес облыстық бюджет шығыстарында қаржылық жыл басына қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары және республикалық және облыстық бюджеттерден берілген нысаналы трансферттерді қайтару есебінен шығыстар көзделсін.»;
11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«11. 2011 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органының резерві 500 мың теңге сомада бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1, 5-қосымша осы шешімге 1, 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріледі).