(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2010.01.04 № 141 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығы

(2011.22.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өзіне мыналарды:

бюджет түсімдерінің сыныптамасын;

бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;

бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтитын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымы бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А. Қалиева) Заң қызметі департаментімен (Е. Мейрамов) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.