Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 228 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 375 бұйрығы
Министрліктің жұмысын жетілдіру және жақсарту мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 228 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің регламентінде:
10-тармақтағы «Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (бұдан әрі - СЖТД)» деген сөздер «Стратегиялық жоспарлау департаменті (бұдан әрі - СЖД)» деген сөздермен ауыстырылсын»;
бүкіл мәтінде «СЖТД» деген аббревиатура «СЖД» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Министр, бірінші вице-министр, жауапты хатшы немесе бірінші вице-министрдің міндетін атқаратын тұлға апта сайын жұма күндері құрылымдық бөлімшелердің басшыларының, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен аппараттық кеңес өткізеді»;