«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар»
техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент):
1) «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру;
2) азаматтар өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті өрттен қорғау мақсатында қабылданды.
2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін анықтайды және мыналарды: