Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 491/70-IV шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV «Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 47 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 45 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында:
4-тарауда:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) инженерлік желілерді жөндеуге, салуға, шағын сәулет нысандары мен қалалық безендіру және абаттандыру элементтері құрылыстарымен байланысты қала аумақтарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру;
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғын ғимараттарындағы жекелеген орын-жайларды немесе жекелеген бөліктерін құрылыс-монтаждау жұмыстарына (жұмыстың басталуы), қайта жөндеуге (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру»;
14-тарауда:
171, 173, 174, 175, 176, 182, 186 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: