Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 62 бұйрығы
Осы редакция 2011 ж. 12 шілдеде және 2011 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамы бекітілсін.
2. «Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы» Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 6 қазандағы № 319 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.