«Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 02-02-18/175 Бұйрығы (күші жойылды)

Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 02-02-18/175 Бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік, азаматтардың денсаулығын қорғау қағидалары бекітілсін.

2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү.Қамзебаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын.

3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ.Т. Әбілова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 5 қарашадағы № 297 «Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендерді эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4010 болып тіркелген, 2005 жылдың 17 қаңтарында № 5 (811) «Заң газеті» газетінде жария етілген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5. Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты ведомстволық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е.Омаровқа жүктелсін.

7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

2011 жыл 6 қазанда

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.