Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 19-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2005 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 924 қаулысымен
Бекітiлген
Облыстық (республикалық маңызы бap қаланың, астананың)
қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне, «Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қоғамдық байқау комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында, жалпы танылған қағидаттарда және халықаралық құқық нормаларында, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін құрылады.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия еріктілік, тең құқылық, өзін-өзi басқару және заңдылық негiзінде әрекет етедi.