«Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1239 Қаулысы (2013.05.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1239 Қаулысы

(2013.05.06. берілген өзгерістермен)

 

 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды

 

«Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 216 бұйрығын қараңыз

 

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесі мен ұсыну мерзімділігі;

2) кәсіби ұйымның басшылық құрамы туралы жыл сайынғы есеп нысаны;

3) кәсіби ұйымға кірген (шыққан) аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың саны туралы жыл сайынғы есеп нысаны;

4) кәсіби ұйым жүргізген сыртқы сапа бақылауы туралы жыл сайынғы есеп нысаны;

5) аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу және сертификаттар беру туралы жыл сайынғы есеп нысаны;

6) аудиторлық ұйымдар туралы есеп нысаны;

7) аудиторлық ұйым сыртқы сапа бақылауынан өткені туралы есеп нысаны;

8), 9) тармақшалар 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

8) аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша есеп нысаны;

9) аудиторлық ұйымның аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы есеп нысаны;

10) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысаны бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.