«Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық министірінің м.а 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 Бұйрығы (2012.28.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық министірінің м.а 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 616 Бұйрығы

(2012.28.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығымен күші жойылды  

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және әкімшілік деректерді жинауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандары бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ай сайынғы кезеңділік:

жекелеген инфекциялық және ларазиттік аурулар туралы есеп (1-нысан);

адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ инфекциясын) иммундық-ферменггік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп (4-нысан);

вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп (5-нысан);

профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп (6-нысан);

өткізілген телемедициналық консультациялар мен бейне-конференцбайланыс сеанстарының саны туралы есеп (16-нысан);

стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан).

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тоқсан сайынғы кезеңділік:

көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы есеп (3-нысан);

анықталған диагнозбен өмірінде алғаш рет тіркелген аурулардың саны туралы есеп (56-нысан);

медицина және фармацевтика кадрларының қозғалысы туралы есеп (58-нысан);

психикалық және мінез-құқық бұзылушылығымен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (61-нысан);

психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез-құлықтың бұзылушылығымен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп (64-нысан);

уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының есебі (23-нысан).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.