Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен өткізудің кейбір мәселелері туралы келісім (Жоба) (2011 жылғы 3 қарашада)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 3 қарашадағы

№ 1282 қаулысымен

мақұлданған

 

Жоба

 

 

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды электр беру желілері арқылы
және құбыржол көлігімен өткізудің кейбір мәселелері туралы
келісім

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын ЕурАЗЭҚ шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,

тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен өткізу тәртібін белгілеу мақсатында,

2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың және 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып,

халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісім кедендік бақылауда тұрған тауарларды электр беру желілері арқылы және құбыржол көлігімен Кеден одағының кедендік аумағына (бұдан әрі - Кеден одағының кедендік аумағы) әкелу, осы аумақтан әкету және Кеден одағының кедендік аумағы бойынша өткізу тәртібін, оның ішінде құбыржол көлігін пайдалана отырып аралас тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі оларды кедендік декларациялау ерекшеліктерін айқындайды.

 

 

2-бап

 

1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер мен олардың анықтамалары пайдаланылады:

 «орталық кеден органдары» - Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті - Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Федералдық кеден қызметі;

 «аралас тасымалдау» - тауарларды кейіннен көліктің өзге түрлеріне қайта тиеумен тауарларды құбыржол көлігімен тасымалдау, сондай-ақ кейіннен құбыржол көлігіне қайта тиеумен тауарларды құбыржол көлігінен өзге көлікпен тасымалдау.

2. Осы Келісімде пайдаланылатын өзге де терминдер Кеден одағының Кеден кодексінде айқындалған мәндерде пайдаланылады.

 

 

3-бап

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.