Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысы
(2024.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2024.26.09. № 782 Қаулысымен күші жойылды (2024 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.