«Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 Қаулысы (2014.21.07. берілген өзгерістермен толықтырулармен) (күші жойылды)

Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 Қаулысы
(2014.21.07. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 77-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2013.08.05. № 458 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны;

2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысаны;

3) туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің нысаны;

4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпыәкімшілік шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысаны;

5) ҚР Үкіметінің 2013.08.05. № 458 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5-1) табыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;

5-2) сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;

5-3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;

5-4) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мен жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;

6) Салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.