«Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 «Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 308 Қаулысы
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 101 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына және Атырау облысы мәслихатының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 340-IV шешіміне және Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 139 «Құрманғазы ауданы Дыңғызыл селолық округінің Қызылоба ауылын Ғизат Әліпов ауылы деп қайта атау туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: