Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 254 «Әлеуметтік статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 236 Бұйрығы
ҚР Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 227 бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік статистиканы оңтайландыру және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарындағы көрсеткіштердің қайталануын болдырмау мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6569 болып енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
7, 8, 21, 22, 23, 24-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Төраға | Ә. Смайылов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық министрінің
міндетін атқарушы
С.Мусинов
2011 жылғы 18 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау