Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесінің 1 бөлімі, 2 бөлімі;
2) Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесі бекітілсін;