64) мынадай мазмұндағы 288-1-баппен толықтырылсын:
«288-1-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы
1. Қалдықтарды басқару бағдарламасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен, І және ІІ санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.
3-тармақтың 64) тармақшасының төртінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу міндетті.
3. Қалдықтарды басқару бағдарламасында түзілген және орналастырылған қалдықтардың көлемі мен құрамы туралы, оларды сақтау, кәдеге жарату, көму, рекультивациялау немесе жою әдістері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
4. Қалдықтарды басқару бағдарламасында:
1) өндірістік процестерді, оның ішінде аз қалдықты технологияларды енгізу есебінен жетілдіру;
2) қалдықтарды қайтадан пайдалану не оларды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға беру;
3) қолжетімді озық технологияларды пайдалана отырып қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайтуды қамтамасыз ету бойынша көлемдері мен оларды орындау мерзімдері көрсетілген шаралар көзделеді.
5. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялардың тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қолжетімді озық технологиялар болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.
7. Қалдықтар орналастырылған жерді рекультивациялаудың технологиялық мүмкіндігі болмаған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.
8. Қалдықтарды басқару бағдарламасы он жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді және ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.»;
65) 291-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оларды қайта өңдеу, кәдеге жарату, залалсыздандыру және қауіпсіз жою не осы іс-шараларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру арқылы оларды азайту жөніндегі шараларды көздейтін қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеуге;»;
66) 293-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруға тыйым салынады.»;
67) мынадай мазмұндағы 293-1-баппен толықтырылсын:
«293-1 бап. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау кезіндегі экологиялық талаптар
1. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау пункттері жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталуға тиіс.
2. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды есепке алу қатаң есептілік журналында жүргізілуге тиіс.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтың меншік иелерін ауыстыруға тыйым салынады.
4. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтар кадастрын жүргізу Қалдықтардың мемлекеттік кадастры шеңберінде жеке бөлім болып жүргізіледі.»;
68) 297-баптың 2-тармағындағы «айқындай алады» деген сөздер «айқындайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
69) 298-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Мұндай қалдықтардың экспортына және импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.»;
70) 299-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында «инертті» деген сөз «тұрмыстық қатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 300-бапта:
1-тармақтағы «Инертті» деген сөз «Қауіпсіз» деген сөзбен алмастырылсын;
3-тармақтағы «қауіпті емес және инертті» деген сөздер «қауіпсіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Белгіленбеген орындарға қалдықтарды жинап қоюға және кездейсоқ қоқыстарды түзуге тыйым салынады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жою қоры жоқ полигонды пайдалануға тыйым салынады.»;
72) 301-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері;»;
73) 305-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингі жүргізіледі.»;
74) 45-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу»;
75) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу
1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттiк реттеу мақсатында озонды бұзатын заттарды шығарудың және тұтынудың жол берiлетiн лимиттерi (квоталары) белгiленедi.
Озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) Қазақстан Республикасының озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Озонды бұзатын заттарды экспорттау және импорттау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады.»;
76) 314-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Озонды бұзатын заттарды және (немесе) озонды бұзатын заттары бар өнімді өндіретін, импорттайтын және (немесе) экспорттайтын заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер:
1) өнімге «озон қабатын бұзады» деген жазба жазуға және озонды бұзатын заттар немесе озонды бұзатын заттары бар өнімдер сақталатын не тасымалданатын ораманы осындай жазбамен анық көрінетіндей етіп таңбалауға;
2) олардың қауіпсіз сақталуын және тасымалдануын қамтамасыз етуге;
3) тауарға ілеспе құжаттамада, өнімде бар заттарды қоса алғанда, озонды бұзатын заттардың атауы мен санын көрсетуге;
4) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату және (немесе) залалсыздандыру мақсатында жинау және оларды герметикалық ыдыста сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындауға міндетті.
4. Озонды бұзатын заттарды кәдеге жаратуға және (немесе) залалсыздандыруға арналған объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұтыну үшін шектеу қойылған немесе тыйым салынған озонды бұзатын заттар тізбесіне енгізілген, озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу көзделетін технологияларды, жабдықтарды, заттар мен материалдарды пайдалана отырып, объектілерді жобалауға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, кеңейтуге, жаңадан салуға тыйым салынады.»;
77) мынадай мазмұндағы 314-1-баппен толықтырылсын:
«314-1-бап. Қондырғыға қойылатын талаптар
1. Қондырғы операторы аккредиттелген тәуелсіз ұйым растаған парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға міндетті, оның негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда қондырғы паспорты әзірленеді.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қондырғы паспортын бекітеді.
3. Қондырғы паспортының деректері парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
78) 315-бапта:
тақырыбындағы «Атмосфераға парниктiк газдар шығарындылары көздерiнің және озонды» деген сөздер «Озонды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтініндегі «Атмосфераға парниктiк газдар шығарындыларының көздерi бар және озонды» деген сөздер «Озонды» деген сөзбен ауыстырылсын;
79) 317-бап алып тасталсын;
80) 318-бапта:
тақырыбындағы «Парниктік газдарды және озонды» деген сөздер «Озонды» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «парниктік газдарды және», «парниктік газдардың және» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «парниктік газдар мен», «парниктік газдарды және» деген сөздер алып тасталсын;
81) 321-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Жер бетінің, жер қойнауының және жерасты суларының ластануын болғызбайтын, қалдықтарды орналастыру және сарқынды суды ағызу үшін жабдықталған және соған арналған объектілерге қалдықтарды нормативтен тыс орналастыру жағдайлары және ластаушы заттарды нормативтен тыс ағызу жағдайлары қоршаған ортаға залал ретінде қарастырылмайды.
8. Химиялық заттардың жер бетіне, жер қойнауына және жерасты суларына түсуін болғызбайтын қорғаныш құрылыстарымен шектелген өндірістік алаңдарға түсу немесе оларға сарқынды судың төгілу жағдайлары қоршаған ортаға залал ретінде қарастырылмайды.»;
82) 324-бап мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің бірінші ұлттық жоспары 2013 жылға бекітіледі.
3-тармақтың 82) тармақшасының үшінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. Жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтардың иелері және меншік иелері қаржыландыру көздерін айқындай отырып, оларды 2025 жылға дейін жою жөніндегі бағдарлама әзірлеуге және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы тармақ қолданысқа енгізілген немесе осы қалдықтарды меншікке немесе иелікке сатып алған күннен бастап үш ай мерзім ішінде ұсынуға тиіс.».
4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 494-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«494-бап. Салық салу объектісі
Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
1) ластаушы заттар шығарындыларының;
2) ластаушы заттар төгінділерінің;
3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының;
4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірттің белгіленген нормативтері шегінде және (немесе) одан да көп мөлшерде қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.»;
2) 495-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды: