3. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға (келісімшарттық қызметке) жатпайды.
4. Осы Кодекстің 80-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызметі және өзге қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
5. Сенімгерлікпен басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындаған өзге жағдайларда пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын сенімгерлікпен басқару қызметі және өзге де қызмет бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
6. Салық төлеуші бөлек салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген талаптарды сақтай отырып, есепке алу құжаттамасының негізінде жүргізеді.
Салық төлеуші осы Кодексте бөлек салықтық есепке алу жөнінде талап белгіленген қызмет түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді біріктіре алмайды.
7. Салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы табыстар мен шығыстар түрлерінің тізбесін, осындай табыстар мен шығыстарды осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлері арасында бөлу әдістерін дербес белгілейді.
Бұл ретте салық төлеушінің жалпы табыстары мен шығыстары деп есептік салықтық кезеңнің табыстары мен шығыстары, оның ішінде жекелеген қызмет түрін жүзеге асырумен тікелей себептік-салдарлық байланысы болмайтын және толық көлемде осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген қызмет түрлерінің біреуіне де жатқызылмайтын жалпы тіркелген активтер бойынша табыстар мен шығыстар түсініледі.
8. Егер салықтық есепке алу саясатында осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген жалпы табыстар мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбеген болса, онда салық қызметінің органдары салықтық тексерулер жүргізу барысында мұндай табыстар мен шығыстарды осы Кодекстің 310-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен бөлуді жүзеге асырады.
59-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға қойылатын талаптар
1. Есепке алу құжаттамасы қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасалады және салықтық тексеру жүргізу кезінде салық қызметінің органдарына табыс етіледі.
2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілінде жасайды.
Шет тілдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық қызметінің органы оларды қазақ немесе орыс тіліне аударуды талап етуге құқылы.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
3. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық түрде жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық қызметінің органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша осындай құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін ұсынуға міндетті.
4. Есепке алу құжаттамасы, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу құжаттамасы жасалған кезеңнен кейінгі салық кезеңінен бастап осындай құжаттама жатқызылған салықтың немесе басқа да міндетті төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
5. Тіркелген активтердің, оның ішінде қаржы лизингі бойынша берілген (алынған) активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептелетін соңғы салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
6. Салық салу мақсатына орай амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы осындай активтердің шығып қалуы немесе толық пайдаланылуы болған салық кезеңі аяқталысымен басталатын осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.
7. Салық төлеушіні (салық агентін) - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
60-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар
1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер белгіленуге тиіс:
1) салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;
2) стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізбесі;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;
4) осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары көзделген қызмет түрлері жүзеге асырылған жағдайда осы Кодекстің 58-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
5) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;
6) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың осы Кодексте көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері;
7) хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 8) тармақшамен толықтырылды
8) ислам бағалы қағаздары бойынша табыстарды есепке алу саясаты.
234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 9) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
9) осы Кодекстiң 120-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркелген активтердiң әрбір кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;
234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 10) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
10) қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда - шот-фактураны жазып беретiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша:
осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;
шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмiрлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны.
2. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша әзірлейді және бекітеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен бап 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық міндеттемесін орындауының осы Кодекстің 308-1-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 4) - 6) тармақшаларында көзделген, салықтық есепке алу саясатында белгіленген ережелердің күші күнтізбелік жылға қолданылады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатында бұрын көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салықтық есепке алу саясатына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс.
5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және (немесе) толықтыруды мынадай:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе есепке алу саясатының жаңа бөлімін бекіту;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе қолданыстағы есепке алу саясатының бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.
6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:
1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына;
2) шағымдар берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
61-бап. Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі
1. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды.
2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық нысандарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілінде жасайды.
3. Қағаз жеткізгіште жасалған салықтық нысандарға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі қол қоюға, сондай-ақ олар салық төлеушінің (салық агентінің) не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылуға тиіс.
Салық тіркелімдерін қоспағанда, электрондық жеткізгіште жасалған салықтық нысандар салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс.
62-бап. Салықтық нысандарды сақтау мерзімі
1. Салықтық нысандар осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық төлеушіде (салық агентінде) сақталады.
2. Салық төлеушіні, салық агентін - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның салықтық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
63-бап. Жалпы ережелер
1. Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөнінде қамтиды есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау ережелерін осы Кодекстің 65 - 67-бабының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;
3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
64-бап. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер әрбір қызмет түрi бойынша бөлек салық есептілігiн жасайды.
Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiнен жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауысқан салық төлеушiлер көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:
арнаулы салық режимiн;
жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолданған кезеңi үшiн салық есептілігiн жеке-жеке жасайды.
2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қажеттілігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.
3. Егер салық төлеуші уәкілетті орган әртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жатса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 22 бабына сәйкес 65-баптың қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
65-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
1-тармаққа өзгеріс енгізу туралы 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңын қара (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі); 2009 жылғы 30 желтоқсандағы 234-ІV ҚР Заңын қара (2012 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiледi)
1. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;
3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
5) өздеріне декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, осы тармақта көрсетілмеген корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстардың корпоративтік табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты (залалды), салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;
2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, міндеттемелерді және талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі;
3) сыйақылар бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;
4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;
5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;
6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;
7) инвестициялық салық преференциялары жөніндегі;
8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;
9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;
10) шетелдік көздерден алынатын табыстар жөніндегі, жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық және есепке жатқызылу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөніндегі;
12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі ақпаратты;
13) корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен табыстар мен шығыстар туралы есепті салыстыруды;
14) своп бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;
15) мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, салық міндеттемесі туралы;
16) резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан тұрақты мекемелері шегерімге жатқызатын, резиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша мынадай:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін - құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан алынатын табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі;
2) коммерциялық емес ұйымдар үшін:
өтеусіз алынған (берілген) мүлік бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі, кіру жарналары жөніндегі, мүшелік жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз мүлікті берген және алған тұлғалар бойынша, кіру жарналарын, мүшелік жарналарды енгізген және алған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстар жөніндегі;
іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалатын шығыстар жөніндегі;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар жөніндегі;
таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған таза табыс жөніндегі;
салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жөніндегі, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын жеке есептеу жөніндегі;
салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, осы Кодекстің 308-бабында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөніндегі;
табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, барлауға және өңдіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін;
4) банктер және лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін, сондай-ақ мұндай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;
құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі (осы Кодекстің 106-бабына сәйкес шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін);
жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру бойынша жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
4. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомасы есеп-қисабының мынадай нысандарын:
1) декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;
2) декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;
3) резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты;
4) резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты бекітеді.
5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптар ағымдағы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеуге арналған және оны осы Кодексте корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу бойынша міндеттеме белгіленген салық төлеушілер табыс етеді.
6. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптарды салық агенттері салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланылатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін табыс етеді.
Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
3) корпоративтік табыс салығының ставкасы;
4) төлем көзінен ұсталатын салық сомасы;
5) іс жүзінде төленген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.
Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
1) салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;
2) салық салу объектілері, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектілері туралы;