(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;

2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;

4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуді қайтарған күннен;

5) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

Осы тармақта көрсетiлген құжаттар табыс етілгеннен кейін салық органы осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық төлеушiге салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінiң жоқ екендiгi туралы анықтама беруге мiндеттi.

13. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемесін орындауы осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

38-бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы

1. Резидент заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;

2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;

3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құрылымдық бөлімшенің таратудың салық есептілігін табыс етеді.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Таратудың салық есептілігi заңды тұлғаның қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшесi дербес төлеушi болып танылған салықтың, төлемақының түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған салық кезеңiнiң басынан бастап қызметтi тоқтату туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.

Егер кезектi салық есептілігiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептілігiн табыс еткеннен кейiн басталса, осындай кезектi салық есептілігiн табыс ету таратудың салық есептілігi табыс етiлген күнге дейiн жүргiзiледi.

3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.

5. Қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.

6. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейін қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің бар банктік шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.

Салық органы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық төлеушіге салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама беруге міндетті.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

39-бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.

Тапсыру актісі немесе бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға сонымен бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына:

1) таратудың салық есептілігін;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсiнiктеменi;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

3) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар бірiгу, қосылу, бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.

Таратудың салық есептілігі қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша осындай есептілікті тапсыру міндеті туындаған салық кезеңі басталған сәттен бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

1-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 1-2-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

1-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі оның салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгертуіне негіз болып табылмайды.

3. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есептеуге жатқызылады.

Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.

4. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:

1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Салық органы заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнiң мәлiметтерiн алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде:

1) бірігу - жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;

2) қосылу - қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;

3) 2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) бөлініп шығу - жаңадан туындаған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан туындаған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша бөліну балансы негізінде береді.

Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны беру тәртібі осы Кодекстің 595-бабында белгіленеді.

 

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40-бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.

Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөліну балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:

1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсiнiктеменi;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

4) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Таратудың салық есептілігi қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.

Егер кезектi салық есептілігiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептілігiн табыс еткеннен кейiн басталса, осындай кезектi салық есептілігiн табыс ету таратудың салық есептілігi табыс етiлген күнге дейiн жүргiзiледi.

3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізіледі.

4. Салық органы құжаттық тексеруді қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның өтінішін өзі алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына сонымен бір мезгілде:

1) бөліну балансын;

2) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы және (немесе) болуы туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтінішті табыс етеді.

Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, аталған сомалар осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебіне жатқызылады.

Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада бюджетке қате төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары болса, онда аталған сомалар осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есебіне жатқызылады.

Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі жоқ болса, онда:

1) бюджетке қате төленген салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;

2) бюджетке артық төленген салықтар, төлемдер мен өсімпұлдар сомалары осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;

3) бюджетке төленген басқа да міндетті төлемдер сомалары осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайтарылуға жатады;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен  4) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктің үлесіне барабар түрде қайтарылуға жатады;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5) артық (қате) төленген айыппұл сомалары оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар осы Кодекстің 605-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:

1) салық берешегiнің, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегінің болмауы;

2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;

4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы бір мезгілде сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған кезде осы тармақта көрсетілген құжаттарды:

1) салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегі өтелген күннен;

2) салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;

4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды табыс еткеннен кейін салық органы осы тұлғаға осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама беруге міндетті.

Салық органы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 595-бабына сәйкес бөліну балансы негізінде жаңадан туындаған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына бөлінген заңды тұлғаның жеке есепшоттары бойынша сальдоны береді.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 6-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

6-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен мазмұн 6-2-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

6-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) оның салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге негіз болып табылмайды.

 

41-бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау

1. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін;

3) дара кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

4) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

5) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

6) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен тармақ екінші бөлікпен  толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

Осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 4) және 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар қызметiн тоқтататын дара кәсiпкер қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.

2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша жасалады.

3. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

5. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.