«Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасы мен мерзімдерін, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 582 бұйрығы (күші жойылды)

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасы мен мерзімдерін, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 582 бұйрығы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-ө-м бұйрығымен күші жойылды

 

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралманды бейімдеу және кіріктіру орталығында тұру қағидасы мен мерзімдері, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және кіріктіру қызметтерін көрсету қағидасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6909 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 мамырда № 156-157(26577-26578) «Казахстанская правда», 2011 жылғы 1 маусымда № 228-231 (26629) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (П.К. Нокин):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К.Нокин) жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.