«Жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № А-3/112 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № А-10/414 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № А-6/218 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № А-3/112 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3388 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 сәуірдегі «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген, жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесінде:
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 79-88 - жолдарымен толықтырылсын:
«
| 79 | 2002 жылы шыққан, мемлекеттік номері С 341 ҚР, ВАЗ 21060 автомашинасы | Астрахан ауданы, Астрахан селосы, Байтұрсынов көшесі 16 | «ҚР ІІМ Ақмола облысының ішкі істер департаменті» ММ |
| 80 | 1999 жылы шыққан, мемлекеттік номері С 011 КР, Audi автомашинасы | Астрахан ауданы, Астрахан селосы, Байтұрсынов көшесі 16 | «ҚР ІІМ Ақмола облысының ішкі істер департаменті» ММ |