(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) IV САЙЛАНҒАН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХХХІV...2...

2011-2013 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 374 шешімі

(2011.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 4 желтоқсан 2008 жылғы Бюджет кодексіне, 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVI сессиясының 2011.18.01. № 394 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.03. № 412 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХXXІ кезектен тыс сессиясының 2011.06.05. № 427 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXXV сессиясының 2011.08.07. № 453 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXXVІІІ сессиясының 2011.20.10. № 484 шешімімен (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2011-2013 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде:

1) кірістер - 298 603 957 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 194 251 600 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 2 273 900 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 138 000 мың теңге;

трансферттердің түсімдері-97 940 457 мың теңге;

2) шығындар - 314 716 048 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - - 50 000 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттерді өтеу - 50 000 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 7 376 855 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 7 376 855 мың теңге;

5) бюджеттік дефицит - -23 438 946 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.