«Жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 824 бұйрығы (күші жойылды)

«Жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 824 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 830 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында жылжымалы медициналық кешендердің (бұдан әрі - ЖМК) қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 128 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) маммография/эндоскопия кабинеті;»;

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Маммография/эндоскопия кабинеті:

сүт бездерінің ісіқалды және ісік ауруларын ерте анықтау скринингін;

әртүрлі жастағы ересектер мен балаларға спирография мен пульсоксиметрияны;

әртүрлі жастағы ересектер мен балалардағы ас қорыту органдарының ауруларын диагностикалау мақсатында эзофагогастродуоденоскопияны (бұдан әрі - ЭФГДС) жүргізуге арналған.»;

19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«ЖМК рентгенолог/рентген - зертханашы/эндоскопист дәрігері:

1) сүт бездерінің (маммографиялық скрининг) ісіқалды және ісік ауруларын ерте анықтау скринингін жүзеге асырады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.