(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 2011.11.03 № 128 ...

Жылжымалы медициналық Кешендердің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 128 бұйрығы

 

Осы редакция 2011 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмек көрсету үшін ұтқыр бригадаларды қалыптастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1, Жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша):

1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің (бұдан әрі - НАТ) есебінен жылжымалы медициналық кешендерді (бұдан әрі - ЖМК) уақтылы сатып алуды қамтамасыз етсін;

2) бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес, сондай-ақ:

ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін БМСК ұйымдарының профилактикалық медициналық тексерулерте (бұдан әрі - скринингтер), диспансерлік тексеруге жататын және ЖМК бейінді мамандардың консультациялық-диагностикалық көмегін қажет ететін нысаналы топты уақтылы қалыптастыруы;

тексерілетін халыққа хабарлау және келуін қамтамасыз ету арқылы ЖМК үздіксіз және тиімді жұмысыи ұйымдастырсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.