(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2011.14.02 № 39/1 ...

«2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 37/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 ақпандағы № 39/1 шешімі

 

Осы редакция 2011 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы кезекті XXXVII сессиясының № 37/2 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-1-160 нөмірімен тіркелген, қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсан - 2011 жылғы 7 қаңтар аралығындағы арнайы шығарылымдағы № 56 және «Кызылорда таймс» газетінің 2010 жылғы 31 желтоқсан - 2011 жылғы 7 қаңтар аралығындағы арнайы шығарылымдағы нөмірсіз сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

1-тармақта:

2) тармақшадағы:

«17 883 057» деген сандар «18 213 122» деген сандармен ауыстырылсын;

4) тармақшадағы:

қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо деген қатардағы «0» деген сан «69 935» деген сандармен ауыстырылсын;

бірінші абзацта «0» деген сан «69 935» деген сандармен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы:

»-398 863» деген сандар»-798 863» деген сандармен ауыстырылсын;

6) тармақшадағы:

«398 863» деген сандар «798 863» деген сандармен ауыстырылсын;

үшінші абзацта «0» деген сан «400 000» деген сандармен ауыстырылсын;

аталған шешімнің 5-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.

3. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.