«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Жол картасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 639 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Жол картасы) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 639 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін іске асыру және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің қатысуымен өткен 2011 жылғы 23 шілдедегі мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көпшелі кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған 029 «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау» («Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы) және 019 «Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін құру» («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру» жобасы) республикалық бюджеттік бағдарламалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары, «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры М.К. Құлжанов Жол картасы тармақтарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Деңсаулық сақтау министрі бұйырығымен

2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 639

бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.