Қазақстан Республикасында бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 685 бұйрығы
(2011.12.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 12 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес және халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасындағы жоғары мамандандырылған медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы № 725 бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. З. Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ж. Досқалиев |
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.12.08. № 541 бұйрығымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 685 бұйрығына
қосымша
Бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері
| № | Бейін | МЭХ | МЭХ атауы | Қызмет, операция коды | Қызметтердің, операция атауы |
|
| 1 | хирургиялық | 01-001а | Суб- және эпидуральды гематоманы алып тастау | 03.799 | Нейрохирургиялық навигация |
|
|
|
|
|
| 01.10 | катетерді имплантациялауды немесе мониторингке арналған сүңгіні қоса алғанда бассүйекішілік қысым мониторингі |
|
| 2 | хирургиялық | 01-001е | Мидың ісігін (жылауығын) алып тастау | 03.799 | Нейрохирургиялық навигация |
|
| 3 | хирургиялық | 01-001з | Балалардағы мидың ісігін(жылауығын) алып тастау | 03.799 | Нейрохирургиялық навигация |
|