(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ 2009.29.06 № 6 НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 6 Нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуді реттейтін заңнамалық актілерді соттардың біркелкі түсінуі мен қолдануы мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

 

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, осы сот актілері оларға қатысты болатын барлық мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының, жеке немесе заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болады.

Сот актілері ерікті немесе мәжбүрлі түрде орындалуы тиіс.

Сот актісін ерікті түрде орындау деген борышкердің атқарушылық іс жүргізу қозғалғанға дейін немесе «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) 10-бабында көзделген атқарушылық іс жүргізу тәртібінде сот актісінде ұйғарылған орындауды (төлем жасайды, затты береді және т.б.) өндіріп алушыға өз бетімен ұсынуын білдіреді.

Сот актісін мәжбүрлеп орындату деген сот орындаушысының Атқарушылық іс жүргізу туралы заңға сәйкес сот актісін орындау үшін қажетті әрекеттерді борышкердің еркіне қарсы жасауын білдіреді.

2. Өндіріп алушы АІЖК-нің 149 және 236-баптарына сәйкес соттан алған атқару құжатын мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізудің аумақтық органына Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 7-бабында белгіленген мерзімдерде ұсынуға құқылы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.