«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1620 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау» деген 1.1-мақсатта:
«Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту» деген 1.1.1-міндетте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаға эмиссияларды тұрақтандыру»;
тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне жетуге арналған іс-шаралар мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«