3) Қазақстан Республикасында тұтынылатын отын-энергетика ресурстарының жалпы көлеміндегі тауарлық және сұйытылған мұнай газының үлесін ұлғайту;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) мұнай-газ-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жағдайлар жасау.
2-тарау. ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) газ және газбен жабдықтау, сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) ұлттық операторды айқындайды;
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) - 13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15), 16) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың экспортын реттейді;
18) экспорттық және (немесе) транзиттік газ құбырларын салу туралы шешім қабылдайды;
19) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) газ және газбен жабдықтау, сондай-ақ мұнай-газ-химия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) өз құзыретінің шегінде газ және газбен жабдықтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын және өңірлік схемаларын дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
4) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді;
5) 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағаларын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары (бұдан әрі - өнім беру жоспары) шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілейді, сондай-ақ оларды белгілеу қағидаларын əзірлеп, бекітеді;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-2) тармақша өзгертілді
7-2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
8) 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) ұлттық оператордың немесе дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруды келіседі;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) ұлттық оператормен бірлесіп тауарлық газды өндірудің, өткізудің жəне тұтынудың болжамды балансын қалыптастырады;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің жəне тұтынудың болжамды балансын қалыптастырады;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-2) тауарлық жəне сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің жəне тұтынудың болжамды балансын қалыптастыру қағидаларын əзірлеп, бекітеді;
11) 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтынушы жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін газ тарату жүйесіне қосу қағидаларын əзірлеп, бекітеді;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-2) газ тарату жүйелерін пайдалану қағидаларын əзірлеп, бекітеді;
15) газ және газбен жабдықтау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
16) 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
16-2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын бекітеді;
17) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-баптың 18) тармақшасы 2012 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 18-1), 18-2), 18-3), 18-4) және 18-5) тармақшалармен толықтырылды
18-1) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастырады;
18-3) 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-4) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 18-5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-5) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 18-6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18-6) тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-7) 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 18-8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
18-8) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 18-9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18-9) өндіріс паспортын бекіту жəне кері қайтарып алу қағидаларын, өндіріс паспортының нысанын əзірлеп, бекітеді;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 18-10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18-10) өндіріс паспортын бекітеді жəне кері қайтарып алады;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 18-11) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18-11) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекіту қағидаларын əзірлеп, бекітеді;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 18-12) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18-12) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекітеді;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 18-13) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18-13) сұйытылған мұнай газын жылумен жабдықтау үшін отын ретінде таңдау кезінде əлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен көппəтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жобалауға арналған тапсырманы келіседі;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 18-14) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18-14) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындау қағидаларын əзірлеп, бекітеді;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 18-15) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18-15) қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту жəне (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыру кезінде қазақстандық кадрларды тарту бойынша мониторингтеуді жүзеге асырады;
19) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
1. 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган:
1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды әзірлейді және бекітеді;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2) газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың - қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын олардың иелерінің тізілімін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің, сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ оларды белгілеу қағидаларын келіседі;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 4-2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-2. Мемлекеттік кіріс органы:
1) уəкілетті органға сұйытылған мұнай газының айналымы туралы ақпарат береді;
2) сұйытылған мұнай газының айналымы бойынша дербес сəйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын əзірлеп, бекітеді.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асырады;
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлуді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды; 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-3) сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссияларды құрады;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-4) сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-5) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың алдағы тоқсанға сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін айларға бөле отырып, уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1-6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 1-6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-6) топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің тізілімін, сұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін жүргізеді және интернет-ресурста жариялайды;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемасының іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемасын әзірлейді және бекітеді;
3) уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;
4) уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) тауарлық газды тұтыну көлемі мен пайдалануға беру мерзімдері бар, өнеркəсіптік тұтынушыларды тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің пайдалануға беру жоспарланып отырған объектілерінің тізбесін уəкілетті органға ұсынады;
5) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасында газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу көзделген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен резервке қояды;
6) газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерін береді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1) елді мекен шекараларының шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6-2) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекітеді;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды
6-3) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-4) сұйытылған мұнай газын есепке алу аспаптарының көлемдік көрсеткіштерін массалық көрсеткіштерге ауыстыру коэффициенттерін бекітеді;
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 6-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-5) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
3-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
8-бап. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі
1. Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерін іркіліссіз қамтамасыз ету, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану, тауарлық газдың тасымалдануын, сақталуын үздіксіз диспетчерлік бақылауды ұйымдастыру және оны есепке алудың бірыңғай жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі қалыптастырылады.
2. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі жалғастырушы, магистральдық газ құбырларын, тауарлық газ қоймаларын, газ тарату және газ тұтыну жүйелерін, автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және тауарлық газ өндіруге, тасымалдауға, сақтауға, өткізуге және тұтынуға арналған өзге де технологиялық объектілерді қамтиды.
Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің құрамына кәсіпшілік газ құбырлары, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері, сұйытылған табиғи газды өндіруге және қайтадан газға айналдыруға, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тасуға, сақтауға, өткізуге және тұтынуға арналған технологиялық объектілер кірмейді.
3. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілері мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін.
2) тауарлық газды өндірушілер;
3) өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелері;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері;
6) газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары;
7) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелері;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) тауарлық газдың өнеркәсіптік тұтынушылары;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11) ірі коммерциялық тұтынушылар;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
12) цифрлық майнерлер тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің субъектілері болып табылады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Нормативтік техникалық ысыраптарды қоса алғанда, тауарлық газды өз мұқтажына пайдаланатын газ тасымалдау жəне газ тарату ұйымдарын, сондай-ақ:
əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын;
жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері тауарлық газды тұтынушылар болып саналған жағдайда, жылу энергиясын;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сəйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өткізілетін электр энергиясын;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сəйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар тауарлық газды тұтынушылар болып саналған жағдайда, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясын өндіру үшін тікелей пайдаланылатын көлемде тауарлық газды тұтынушыларды қоспағанда, газ тұтыну жабдығының санына қарамастан, жылына он миллион текше метр жəне одан көп көлемде тауарлық газды сатып алатын заңды тұлғалар ірі коммерциялық тұтынушылар болып саналады.