«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-ІV Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Егер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сəйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілген электр энергиясын баланс провайдері болып саналатын не теңгерімсіздіктер үшін жауапкершілікті баланс провайдеріне беру шартын жасасқан энергия өндіруші ұйым өндірсе, осы тармақтың бірінші бөлігі бесінші абзацының ережесі қолданылмайды.

5. Уәкілетті орган тауарлық газды өндірушілердің, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының есебін жүргізеді және тізбесін интернет-ресурста жариялайды.

6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің тиімді жұмыс істеуі мақсатында тауарлық газды өндірушілер, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленетін технологиялық режимдерін сақтауға міндетті.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Газ тарату ұйымының меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбыржолына тікелей қосылған газ тарату жүйесі болуға тиіс.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Екі жəне одан көп газ тарату ұйымының тауарлық газды газ тарату жүйесі арқылы бір мезгілде тасымалдауына тыйым салынады.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9. Газ тарату ұйымдары болып саналмайтын тұлғаларға газ тарату жүйесінің жекелеген объектілерін салуға жол беріледі.

Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін қосу есебінен құрылысқа жұмсалған шығыстар өтелгеннен кейін мұндай объектілер газ тарату жүйесіне өздері қосылған газ тарату ұйымының меншігіне өтеусіз негізде беріледі.

 

9-бап. Ұлттық оператор

1. Ұлттық оператор мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) тауарлық газды өндірудің, өткізудің жəне тұтынудың болжамды балансын қалыптастыруға қатысады;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын жəне (немесе) реконструкциялануын жобалауға арналған тапсырманы келіседі;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-3) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын жəне (немесе) реконструкциялануын техникалық мониторингтеуді жүзеге асырады;

9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді

3) осы Заңға сәйкес шикі және тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын жүзеге асырады;

9-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді

4) осы Заңға сәйкес тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерді және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері-заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын жүзеге асырады;

5) тауарлық газдың іркіліссіз тасымалдануын және сақталуын, оның ішінде газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарымен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етеді;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) тауарлық газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асырады;

7) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің технологиялық жұмыс режимін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды қамтамасыз етеді;

8) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық газды тасымалдау, сақтау және өткізу жөніндегі, мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде шикі және тауарлық газды сатып алу жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын ұсынады;

9) тауарлық газды тасымалдау режимдерін басқару мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің газ тасымалдау жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

10) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесіндегі тауарлық газды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) газ және газ конденсаты кен орындарында көмірсутектерді барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүзеге асырады.

2. Ұлттық оператор:

1) осы Заңда белгіленген шарттармен тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне қосылған тұтынушыларды тауарлық газбен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін салуды, пайдалануды, жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды қамтамасыз етуге;

3) энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар мен жабдықтарды тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің ұлттық оператор иелік ететін объектілерінде пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.

3. Ұлттық оператордың немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншігіндегі тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілері уәкілетті органмен келісім бойынша иеліктен шығарылуы мүмкін.

 

10-бап. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері

1. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ тұтыну жүйелерінің, автогаз құю станцияларының және сұйытылған мұнай газын тасуға, сақтауға, өткізуге және тұтынуға арналған өзге де технологиялық объектілердің жиынтығын білдіреді.

2. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілері мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін.

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мыналар:

1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;

2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну жəне (немесе) одан əрі өткізу үшін әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;

4) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың және автогаз құю станцияларының осындай объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын иелері;

6) сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушылар сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің субъектілері болып табылады.

Нақ сол тұлға бір мезгілде газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, топтық резервуарлық қондырғының және (немесе) автогаз құю станциясының иесі бола алады.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Сұйытылған мұнай газын өндірушінің өндірістік объектісіне кіретін жекелеген технологиялық объектілер (резервуарлық парк, сұйытылған мұнай газын автомобильмен жəне теміржолмен құю эстакадалары) салынуы мүмкін жəне дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі болуы мүмкін.

2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Мыналарға:

1) екі және одан көп жеке және (немесе) заңды тұлғаның бір мезгілде нақ сол газ толтыру станцияларын пайдалануына;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттері иелерінің сұйытылған мұнай газын сақтауға, қотару мен құюға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілерді, инженерлік құрылысжайларды үшінші тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беруіне;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3) сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер үстінде орналасқан модульдік (моноблок) жəне (немесе) стационарлық типтегі автогаз құю станцияларын салуға немесе орналастыруға, пайдалануға;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4) жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай келмейтін автогаз құю станцияларын осындай учаскелерде салуға тыйым салынады.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Қазақстан Республикасының аумағында тек сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер астында орналасқан стационарлық типтегі автогаз құю станцияларын салуға жəне пайдалануға жол беріледі.

 

11-бап. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы

1. Қазақстан Республикасының аумағын газдандыру Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің басымдығы ескеріле отырып, тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансы негізінде әзірленеді.

3. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін орналастыру схемасын, салу, жаңғырту, және (немесе) реконструкциялау жоспарланған газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің тізбесі мен техникалық сипаттамасын, қажетті қаржы ресурстары мен олардың көздерін, тауарлық және сұйытылған мұнай газының перспективалы ресурстарын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және салу жоспарланған газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бойынша газ беру схемасын қамтиды.

4. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды, оның ішінде сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесінде алынған газды пайдалануының басымдығы ескеріле отырып әзірленеді.

5. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасының іске асырылуын қаржыландыру ұлттық оператордың табыстары, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

6. Газдандырудың бас схемасын іске асыру үшін жер учаскелерін резервке қою Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

12-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін жобалау, салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау

1. Магистральдық газ құбырларын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобалары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен келісіледі.

2. 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Экспорттық және (немесе) транзиттік газ құбырларын салу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосылуға арналған техникалық шарттарды осындай объектіні пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғының иесі береді. Бұл ретте берілген техникалық шарттар газбен жабдықтау жүйелерінің жаңадан салынып жатқан, жаңғыртылатын және (немесе) реконструкцияланатын объектілерін жобалау үшін негіз болып табылады.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты жұмыстарды газбен жабдықтау жүйелерінің қосылатын объектілерінің иелерінен төлемақы өндіріп алу есебінен газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иелері жүргізеді.

6. Тұтынушылардың жаңадан қосылатын және реконструкцияланатын газ жабдығы техникалық регламенттерге және нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес орындалуға, сондай-ақ жобалық құжаттамамен қамтамасыз етілуге тиіс.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін салуды, жаңғыртуды жəне (немесе) реконструкциялауды жобалауға арналған тапсырма ұлттық оператормен немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау жəне (немесе) газ тарату ұйымдарымен уəкілетті орган айқындаған тəртіппен келісілуге тиіс.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін салудың, жаңғыртудың жəне (немесе) реконструкциялаудың техникалық мониторингін ұлттық оператор немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау жəне (немесе) газ тарату ұйымдары уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырады.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

10. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту жəне (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден сатып алуға, қазақстандық кадрларды тартуға басымдық беріледі.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту жəне (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыруды жүзеге асыратын тұлғалар уəкілетті органның сұрау салуы бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі мəліметтерді осындай сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

 

13-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерін салу және пайдалану кезінде жер пайдалануды реттеу

1. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу және пайдалану үшін берілетін жерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қала құрылысы және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиіс.

2. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы газбен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне кіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығын мүдделi жеке және заңды тұлғаларға беруге мiндеттi.

3. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін күрделі жөндеу, оларға қызмет көрсету, оларды жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін осы объектілерді пайдаланатын ұйымға жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жер пайдалануға беріледі.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Автогаз құю станцияларын салу үшін жер учаскесін беру жəне оның нысаналы мақсатын өзгерту автогаз құю станцияларының шекті саны ескеріліп жүзеге асырылады.

Автогаз құю станцияларының шекті саны асып кеткен жағдайда автогаз құю станцияларын салу үшін жер учаскесін беруге жəне оның нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.

 

 

4-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

14-бап 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді

14-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы басым құқығы

1. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тауарлық газға ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері - заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығы (бұдан әрі - мемлекеттің басым құқығы) бар.

2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған объектілерге қатысты мемлекеттің басым құқығын іске асыру «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылмаған объектілерге қатысты мемлекеттің басым құқығын іске асыру осы баптың 4 - 6-тармақтарында көзделген тәртіппен ұлттық оператор арқылы жүзеге асырылады.

4. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті бар тұлға ұлттық операторға осындай иеліктен шығарудың бағасын және өзге де шарттарын көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс жібереді.

5. Ұлттық оператор коммерциялық ұсыныс түскен күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттің басым құқығын іске асыру туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды және коммерциялық ұсыныс жіберген тұлғаны қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

6. Егер ұлттық оператор мемлекеттің басым құқығынан жазбаша түрде бас тартқан не бір ай мерзімде оны іске асыру ниеті туралы жазбаша хабарлама жібермеген жағдайда, онда осы баптың 4-тармағында көрсетілген тұлға тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) өзге тұлғаларға иеліктен шығарып беруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте иеліктен шығару шартының осы баптың 4-тармағында көрсетілген тұлға үшін тиімділігі ол ұлттық операторға ұсынған шарттардан кем болмауға тиіс.

7. Осы баптың ережелері мынадай жағдайларға:

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және өнеркәсіптік тұтынушылардың және өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлардың газ тұтыну жүйелерін иеліктен шығаруға;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) осы Заңның 8-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне сəйкес газ тарату жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруға;

2) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымға түсетін акцияларды иеліктен шығаруға;

3) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері-заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін):

қатысу үлесінің (акциялар пакетінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесіне тиесілі болатын еншілес ұйымға;

әрқайсысында қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде белгілі бір тұлғаға тиесілі болатын заңды тұлғалар арасында беруге;

4) егер осындай берудiң нәтижесiнде тұлға тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі - заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) кемiнде 0,1 пайызына тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) билiк ету құқығын сатып алса, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлғадағы акцияларды (қатысу үлестерiн) беруге қолданылмайды.

 

15-бап 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді

15-бап. Мемлекеттің газ және газбен жабдықтау саласындағы артықшылықты құқығы

1. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тауарлық газға ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының басқа тұлғалардың алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға артықшылықты құқығы (бұдан әрі - мемлекеттің артықшылықты құқығы) бар.

2. Мемлекеттің артықшылықты құқығын іске асыру ұлттық оператор арқылы жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газ өндіруге арналған шығыстарды;

2) шикі газды ұлттық операторға өткізетін жерге дейін тасымалдауға арналған шығыстарды;

3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)