«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-ІV Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

4. Осы баптың 4-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газ өндіруге арналған шығыстарды;

2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге арналған шығыстарды;

3) тауарлық газды ұлттық операторға өткізетін жерге дейін тасымалдауға арналған шығыстарды;

4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1. 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін, мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты:

1) ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары жүйесі арқылы тасымалдауға арналған шығыстар;

2) тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнына дейін тасымалдауға арналған шығыстар;

3) ұлттық оператордың он пайызға дейінгі мөлшердегі рентабельділік нормалары шегеріле отырып, тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары мен тауарлық газдың экспорттық бағаларының орташа арифметикалық мәні негізге алынып, көмірсутектер кен орнын әзірлеу мен шикі газды қайта өңдеудің күрделілігі ескеріле отырып айқындалады.

Осы тармақта көзделген тауарлық газдың бағасын айқындау тәртібі өз қызметін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға жылдық тауарлық газды өткізу көлемінің 2023 жылдың алдындағы қатарынан күнтізбелік бес жылдағы орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдеріне де қолданылады.

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындайды және ол уәкілетті органның сараптауына және бекітуіне жатады.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газ бағасының құжатпен расталған есеп-қисаптарын алдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде сараптамаға жібереді.

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газ бағасының есеп-қисаптарын сараптау нәтижелері бойынша уәкілетті орган материалдарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жыл сайын 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газ бағасын бекітеді және жер қойнауын пайдаланушыға шикі және (немесе) тауарлық газ бағасын бекіту туралы хабарлама не оны өзгерту қажеттігі туралы дәлелді қорытынды жібереді.

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттің артықшылықты құқығын сақтауға міндетті.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар жоспарланған кезең басталғанға дейін бес айдан кешіктірілмейтін мерзімде, ұлттық операторға:

1) иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газдың көлемін;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газдың бекітілген бағасын;

3) шикі және (немесе) тауарлық газдың жеткізілу пунктін көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс жібереді.

10. Ұлттық оператор коммерциялық ұсыныс алынған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттің артықшылықты құқығын іске асыру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды және осы мерзімде коммерциялық ұсыныс жіберген тұлғаны қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

11. Егер ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығын іске асырудан жазбаша түрде бас тартқан не оны іске асыру ниеті туралы жазбаша хабарламаны бір ай мерзімде жібермеген жағдайда, тауарлық газдың меншік иесі, жер қойнауын пайдаланушы осы Заңның талаптарына сәйкес өзге тұлғаларға шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға құқылы.

12. Ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығын іске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық оператор арасында жасалатын шарттар күнтізбелік бір жылдан асатын мерзімге жасалуы мүмкін.

13. Тараптардың келісімі бойынша көрсетілген шарттарға иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газдың көлемін ұлғайтуды және (немесе) осы баптың 5 - 7, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсімдерді сақтамай, шарттардың қолданылу мерзімдерін ұзартуды көздейтін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 13-1-тармақпен толықтырылды

13-1. Егер келесі жылы мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың бағасы тараптардың келісімі бойынша өзгермесе, онда шарттар осы баптың 5 - 7, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсімдер сақталмай жасалуы мүмкін.

14. Осы баптың ережелері мыналарды:

1) газ және (немесе) газ конденсаты кен орындарында өндірілетін шикі газды;

2) газ және (немесе) газ конденсаты кен орындарында өндірілетін шикі газдан өндірілген тауарлық газды;

3) сұйытылған табиғи газды және оны қайтадан газға айналдыру процесінде алынған тауарлық газды;

4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өткізілетін шикі газды;

5) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газды;

6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газды;

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде жасалатын шарттың негізінде өндірілген тауарлық газды;

2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие болатын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндіріп алған (өндірген) шикі және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.

 

16-бап. Ілеспе газбен байланысты қатынастарды реттеу

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасына тиесілі;

2) өндірілген ілеспе газға жер қойнауын пайдаланушының меншігі көзделген, жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мемлекет меншігіне берген ілеспе газ мемлекеттің меншігінде болады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ілеспе газ уәкілетті орган айқындаған көлемде оның шешімімен уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен және талаптармен газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде жасалатын шарттың негізінде тартылатын инвестордың меншігіне беріледі.

3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына тиесілі ілеспе газдан тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органның шешімі бойынша тараптар келіскен бағамен газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде одан әрі пайдалану үшін тауарлық газды ұлттық операторға немесе тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын тартылатын инвесторға береді.

4. Газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде инвестор уәкілетті органмен жасасқан шарт, оның ішінде мынадай талаптарды:

1) ілеспе газды тауарлық, сұйытылған мұнай газы және (немесе) сұйытылған табиғи газ етіп өңдеуді;

2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын ескере отырып, өндірілген тауарлық, сұйытылған мұнай газының және (немесе) сұйытылған табиғи газдың белгілі бір көлемін бірінші кезекте Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беруді қамтуға тиіс.

 

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру мен өткізудің жалпы шарттары жəне оларға қойылатын талаптар

1. Қоршаған ортаны және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау мақсатында шикізат ретінде пайдалану үшін өнеркәсіптік тұтынушыларға шикі газды өткізуді қоспағанда, тұтынушыларға тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газы ғана беріледі.

17-баптың 2-тармағы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2. Осы Заңның талаптары ескеріле отырып, тауарлық газды тек қана:

1) ұлттық оператордың;

2) тауарлық газды өндірушілердің;

3) өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың;

4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерінің;

5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің;

6) газ тарату ұйымдарының;

7) автогаз толтыру компрессорлық станциялары иелерінің өткізуіне жол беріледі.

3. Сұйытылған табиғи газды өткізуді жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етудің басымдығын ескере отырып жүзеге асырады.

17-баптың 4-тармағы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

4. Осы Заңның талаптары ескеріле отырып, сұйытылған мұнай газын тек қана:

1) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің;

2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну жəне (немесе) одан əрі өткізу үшін әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелерінің;

4) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар мен автогаз құю станциялары иелерінің өткізуіне жол беріледі.

6) 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Өндірушілерге белгіленген тəртіппен бекітілген өндіріс паспортынсыз тауарлық, сұйытылған мұнай жəне (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіруді жүзеге асыруға тыйым салынады.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2. Өндірушілер уəкілетті органға өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекітуге ұсынуға жəне бекітілген графикті сақтауға міндетті.

5. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өткізу осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды есепке алудың бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып жүзеге асырылады.

6. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарттары үлгілік шарттарға сәйкес жасалады.

Осы тармақтың ережесі:

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) сұйытылған мұнай газын коммуналдық-тұрмыстық жəне өнеркəсіптік тұтынушыларға;

2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы иелері тауарлық газды;

3) автогаз толтыру станцияларының иелері сұйытылған мұнай газын;

4) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу жағдайларына қолданылмайды.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1. Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнерлерге, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнерлерді электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғаларға тауарлық газды өткізу шарттарында:

ірі коммерциялық тұтынушылардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ жылу және (немесе) электр энергиясын және басқа да тауарларды өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

цифрлық майнерлердің цифрлық майнингті және өзге де қызметті жүзеге асыруға тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнерлерге және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;

тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнерлерге және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өткізу көлемін бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі міндеттемелері көзделеді.

7. Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын пайдаланудың артықшылықты құқығына тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар ие болады.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосылған тұтынушыларды осы Заңда белгіленген шарттарда тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті.

9. Мынадай:

1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидаларын бұзған;

2) газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері техникалық жарамсыз болған;

3) тұтынушы газ жабдығын өз бетінше қосқан;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымының өкілдері немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жіберілмеген;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшін дебиторлық берешек болған;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6) осы баптың 6-1-тармағында көзделген, тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі шарт талаптары бұзылған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқылы.

 

18-бап. 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

19-бап. Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану

1. Газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнерлер, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалар өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін білікті персонал, сондай-ақ газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз жұмысына жауапты адам ұстауға не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған мамандандырылған ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату ұйымымен немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесімен не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің иесімен өздеріне тиесілі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.

5. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.

6. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда; 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-бап. Тауарлық жəне сұйытылған мұнай газына баға белгілеу

1. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уəкілетті орган айқындаған жағдайларда жəне тəртіппен Қазақстан Республикасында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде көтерме жəне бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын мемлекеттік реттеу белгіленуі мүмкін.

2. Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары өнім беру өңіріне байланысты, оның ішінде тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша белгіленуі мүмкін:

1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркəсіптік өндірісте отын жəне (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркəсіптік тұтынушы-инвесторлар;

2) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар;

3) сығымдалған жəне (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркəсіптік тұтынушы-инвесторлар;

4) ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнерлер, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнерлерді электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалар.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шекті бағалар, егер тұтынушылардың жекелеген санаттары үшін:

1) мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркəсіптік өндірісте отын жəне (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркəсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін - əрбір тұтынушы үшін жеке он бес жылға;

2) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін - əрбір тұтынушы үшін жеке бес жылға;

3) ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнерлер, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнерлерді электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалар үшін - жыл сайын болып өзгедей белгіленбесе, əрбір бес жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде белгіленеді.

Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын түзету тауарлық газды сатып алу бағасының, тауарлық газ құрылымының жəне (немесе) көздерінің жəне (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уəкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырмай, жыл сайын 1 шілдеде жүргізіледі.

4. Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің осы бапқа сəйкес белгіленген шекті бағалары:

1) ұлттық операторға;