«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-ІV Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

4. 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

5. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды; 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 27-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)

27-1-бап. Сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу

1. Қазақстан Республикасы ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган өзі айқындайтын тәртіппен өнім беру жоспарын қалыптастырады және оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Өнім беру жоспары уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы қалыптастырылады.

2. Өнім беру жоспарында мыналар көрсетіледі:

1) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің атауы және олар мәлімдеген сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері;

2) сұйытылған мұнай газын әрбір өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігіне (бірліктеріне) беруге міндетті болатын сұйытылған мұнай газының көлемдері;

3) 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлуді бекітеді, оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды және уәкілетті орган мен сұйытылған мұнай газын өндірушілерге жібереді.

Сұйытылған мұнай газының өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген көлемін бөлу уəкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы қалыптастырылады.

4. Өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері өнім беру жоспарын және сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемдерін бөлуді орындауға міндетті.

5. Осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тізілімдеріне енгізілген:

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) газ толтыру станцияларының иелері - топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің және автогаз құю станцияларының иелеріне кейіннен көтерме саудада өткізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін тұрмыстық тұтынушыларға, өнеркәсіптік тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізу және (немесе) өздеріне меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде тиесілі топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері және автогаз құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;

2) қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілері болып табылатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелері - өздерінің технологиялық циклдарына сәйкес осындай топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;

3) газ толтыру пункттерінің иелері - тұрмыстық баллондарда кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;

4) автогаз құю станцияларының иелері - көлік құралдарына құю арқылы тұтынушыларға осындай автогаз құю станциялары арқылы кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;

5) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемдерде ие болады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған тұлғаларға беру мақсаттары үшін пропан-пропилен және (немесе) бутан-бутилен фракциялары да сұйытылған мұнай газы деп танылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған тұлғалардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

6. Осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған, сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсаттары үшін өнім беру жоспары шеңберінде сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағы шегінде ғана өткізуге міндетті.

7. 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Егер сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы сұйытылған мұнай газы фракцияларының бір бөлігін ғана тұтынса, онда сұйытылған мұнай газының қалған фракциялары осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға өнім беру жоспары шеңберінде бөлу үшін өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, меншік иелеріне қайтарылуға тиіс.

27-1-бабы 8-тармағының екінші бөлігі 2028 ж. 1 шілдеге дейін қолданылады

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі осы Заңның 27-2-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

9. Осы баптың ережелері:

1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде, Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген;

2) тиісті инвестициялық келісімшартта көрсетілген шикі газды қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаның өзін-өзі ақтау кезеңі ішінде, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жобаны іске асыру кезінде газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қолданылмайды.

 

27-2-бап 2028 ж. 1 шілдеге дейін қолданылады

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 27-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

27-2-бап. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде сұйытылған мұнай газын, оның ішінде құрамында пропан-пропилен жəне (немесе) бутан-бутилен фракциялары басым сұйытылған мұнай газын пайдаланудың ерекшеліктері

1. Инвестициялық жобаны орындаушы - Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес инвесторлар тізіліміне енгізілген жəне мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлға.

Инвестициялық жобаны орындаушы сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркəсіптік тұтынушы болады.

2. Инвестициялық жобаны орындаушы тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын, оның ішінде құрамында пропан-пропилен жəне (немесе) бутан-бутилен фракциялары басым сұйытылған мұнай газын осы Заңның 27-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан сатып алуға құқылы.

Инвестициялық жобаны орындаушы сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде тұтынады жəне (немесе) сұйытылған мұнай газы фракцияларының пайдаланылмаған бөлігін сұйытылған мұнай газының меншік иесі ретінде тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізу үшін құрауыштардың сапалық жəне сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

3. Осы Заңның 27-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында аталған тұлғалар техникалық мүмкіндіктер болған кезде инвестициялық жобаны орындаушының өтінімінде көрсетілген көлемде сұйытылған мұнай газын жеткізіп беруге міндетті.

 

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28-бап. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті органның жəне астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тізілімдеріне енгізілген:

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын сақтау ыдыстарына құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру станцияларының иелері;

2) сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру пункттерінің иелері;

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізген жағдайда, топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;

Бұл ретте қыс мезгілінде топтық резервуарлық қондырғылардың ыдыстарында шөгетін сұйытылған мұнай газының фракциялары (бутандар) уәкілетті орган айқындайтын тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібіне сәйкес сұйытылған мұнай газын өзге де тұтынушыларға өткізілуі мүмкін;

4) автомобиль көлігі құралдарына сұйытылған мұнай газын құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, автогаз құю станцияларының иелері;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) сұйытылған мұнай газы өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізілген жағдайда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған жүзеге асыруға құқылы.

Өзге тұлғалардың сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы уəкілетті органның жəне астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тізілімдеріне енгізу туралы талаптар осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған тұлғаларға қолданылмайды.

2. Топтық резервуарлық қондырғылардың иелері олардың сақталуын және жарамды техникалық жай-күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

3. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесіне қосуды, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесінің объектілерін жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ қосудың технологиялық сызбасын өзгертуді топтық резервуарлық қондырғылардың иелері осы тұлғалар есебінен жүзеге асырады.

4. Сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізу тұтынушы мен топтық резервуарлық қондырғылардың иесі арасындағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарты негізінде жүзеге асырылады.

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізуді тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.

Бұл ретте сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарға құюға газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінде ғана жол беріледі.

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінің иелері:

1) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;

2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан зерттеп-қарауға;

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері беретін бірегей кодпен және (немесе) газ толтыру станциясы мен газ толтыру пункті иесінің тауар белгісімен тұрмыстық баллондарды сәйкестендіруді жүзеге асыруға;

4) тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;

5) газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.

7. Мыналарға:

1) қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға;

2) 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған газ толтыру пункттері мен автогаз құю станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына;

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінен тыс жерде сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарға құюға;

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5) автомобиль көлік құралдарына автогаз құю станцияларынан тыс жерде сұйытылған мұнай газын құюға тыйым салынады.

8. Сұйытылған мұнай газын тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған үй ішіндегі газ жабдығын пайдаланатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелері оның сақталуын және жарамды техникалық жай-күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі тұрғынжай ішіндегі газ жабдығына қолданылмайды.

 

29-бап. Сұйытылған мұнай газын есепке алу

2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Автогаз құю станцияларындағы, газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттеріндегі және топтық резервуарлық қондырғылардағы сұйылтылған мұнай газын есепке алу уәкілетті орган бекітетін тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тұтынушыларға өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алу осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, есепке алу аспаптары бойынша жүзеге асырылады.

3. Тұрмыстық тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алу:

1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жеке есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмеген жағдайда - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша көлемдiк әдiспен жүргiзiледi.

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газына қолданылмайды.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары мыналарды:

1) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптар және олардың осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібін;

2) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танудың негіздері мен тәртібін;

3) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның цифрлық жүйесімен үйлестіру тәртібін;

4) тұрмыстық баллондарға қойылатын талаптарды және оларды сәйкестендіру тәртібін;

5) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондар есепке алынатын шарттарды;

6) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алу тәртібін белгілейді.

 

 

7-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

30-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау, газ жəне газбен жабдықтау туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.

3. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың сапасын және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

4. Ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналарының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары және топтық резервуарлық қондырғылардың иелері өзінің құрамында, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс режиміндегі авариялық-диспетчерлік қызмет ұстауға міндетті.

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары және топтық резервуарлық қондырғылардың иелері шарт негізінде авариялық жағдайларды жою үшін өзге де ұйымдардың авариялық-диспетчерлік қызметін тартуға құқылы.

7. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері болып табылады. Энергиямен жабдықтау ұйымдарына газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдаланатын ұйымдармен келіспей, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінде энергия тұтынудың белгіленген лимиттерін шектеу жөніндегі режимдік іс-шараларды жүргізуге тыйым салынады.

8. Бірыңғай техникалық дәлізді екі және одан да көп ұйымдардың пайдалануына тыйым салынады.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

31-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау

Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

 

32-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймағы

1. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болғызбау, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында оларға іргелес жатқан аумақтарда күзет аймақтары белгіленеді. Бірыңғай техникалық дәліз үшін бір күзет аймағы белгіленеді.

2. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарының шекаралары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес белгіленеді.

3. Газбен жабдықтау жүйелері объектісінің күзет аймағында газбен жабдықтау жүйелерінің объектісін пайдаланатын ұйым беретін жазбаша рұқсатсыз құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды орналастыруға, материалдарды қоймаға жинауға, қоршаулар мен дуалдар соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тыйым салынады.

4. Газбен жабдықтау жүйелері объектісін пайдаланатын ұйымның жазбаша рұқсатынсыз шаруашылық қызметті жүргізетін тұлғалар күзет аймағындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықта болады.

 

 

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

33-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

34-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заң осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қолданысқа енгізілгенінен кейін туындайтын қатынастарға қолданылады.

2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бір жылдан асатын мерзімге жасалған шикі, тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын сатып алу-сату, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсету шарттары бойынша сатушы немесе орындаушы осы Заңның ережелерін ескере отырып, 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде оларды қайта жасасуды жүзеге асыруға міндетті.

Осы тармақтың ережесі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау шеңберінде жасалған шикі, тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын сатып алу-сату шарттарына қолданылмайды.

3. Газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар аталған қызметті газ желісі ұйымдары ретінде жүзеге асыруды жалғастыру үшін өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге және 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде аккредиттеу рәсімінен өтуге міндетті.

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Мыналар:

1) осы Заңның 20-бабының 5-тармағы 2022 жылғы 2 наурыздан бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«5. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы тоқсан сайын белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.»;

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы 2024 жылғы 30 маусымға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«1) сұйытылған мұнай газының өндірістік объектілерінің құю эстакадалары арқылы - сұйытылған мұнай газын өндірушілер;»

2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы Заңның 27-1-бабының 11-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«11. Өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына:

1) газ толтыру станцияларының иелері;

2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;

3) газ толтыру пункттерінің иелері;

4) автогаз құю станцияларының иелері;

5) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар ие болады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес бекітеді.».

5. 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)