«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-ІV Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

6. Газ тарату ұйымдары 2028 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңның талаптарына сəйкес келтіруге міндетті.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

7. Автогаз құю станцияларының иелері 2031 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өздерінің автогаз құю станцияларын осы Заңға сəйкес келтіруге немесе оларды пайдалануды тоқтатуға міндетті.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

9. Өндірушілер өндіріс паспортын 2027 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде алуға міндетті.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

10. Осы Заңның 20-бабының 6-тармағы 2036 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

11. Деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етпейтін тауарлық газды есепке алу аспаптары 2027 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей деректерді қашықтан беруді қамтамасыз ететін тауарлық газды есепке алу аспаптарына тұтынушылардың өз есебінен ауыстырылуға тиіс, тұрмыстық тұтынушыларға тауарлық газды өткізетін газ тарату ұйымдары есебінен 2030 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей ауыстырылатын тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды есепке алу аспаптары оларға жатпайды.

2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

12. Осы Заңның 27-1-бабы 8-тармағының екінші бөлігі жəне 27-2-бабы 2028 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.

 

35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң:

1) 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 9-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 14, 15-баптарды, 22-баптың 3-тармағын, 5-тармағының 2) тармақшасын, 26-баптың 2 және 3-тармақтарын;

2) 2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 6) тармақшасын, 20-баптың 4 және 7-тармақтарын;

3) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 6-баптың 18) тармақшасын, 17-баптың 2 және 4-тармақтарын, 23-баптың 1-тармағын, 24-баптың 1-тармағын, 27-баптың 1 - 3, 5 - 7-тармақтарын, 28-баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларын;

4) 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 28-баптың 7-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ.

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 9-ы.

№ 532-ІV