«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кұжаттарын мониторингілеу» ақпараттық-талдамалық жүйесіне деректерді енгізуге мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 158-ө Өкімі

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кұжаттарын мониторингілеу» ақпараттық-талдамалық жүйесіне деректерді енгізуге мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 158-ө Өкімі

 

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу процесін үйлестіру, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, салалық бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысын жүйелі мониторингілеуді нығайту, сондай-ақ «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мониторингілеу» ақпараттық-талдамалық жүйесіне деректерді енгізуге тікелей жауапкершілікті арттыру мақсатында:

1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мониторингілеу» ақпараттық-талдамалық жүйесіне деректерді енгізуге мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғаларын бекіту бекітілсін.

2. Қосымшада көрсетілген мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мониторингілеу» ақпараттық-талдамалық жүйесіне деректерді енгізудің дұрыстығы мен толықтығын жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 15 шілдеге және 15 қаңтарға қамтамасыз етсін.

3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 158-ө өкімімен

бекітілген

 

 

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мониторингілеу» ақпараттық-талдамалық

жүйесіне деректерді енгізуге мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды

тұлғаларын бекіту

 

Р/с

Мемлекеттік органның атауы/Стратегиялық құжат

Жауапты тұлғалар

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

1)

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 

Жауапты хатшы/жетекшілік ететін вице-министр;

Стратегиялық даму департаментінің директоры

2)

Стратегиялық жоспар

2.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.