«Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 614 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 614 бұйрығы

 

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды

 

«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасында:

2 «Салықтық емес түсімдер» санатында:

04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:

1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ішкі сыныбында:

07 ерекшелігін «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, олардың аумақтық бөлімшелері салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» алып тасталсын;

шығыстардың функционалдық сыныптамасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын.

2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.