Қазақстан Республикасының азаматы паспорттарының және жеке куәліктерінің, формулярлардың, уақытша жеке куәліктердің, шекара аймағы тұрғыны куәліктерінің, азаматтығы жоқ адам куәліктерінің, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаттарының қатаң есептегі бланкілерін қабылдау, есепке алу, сақтау, жұмсау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің милиция генерал-майорының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 442 бұйрығы
Қатаң есептегі бланкілерді қабылдауды, есепке алуды, сақтауды және жұмсауды ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматы паспорттарының және жеке куәліктерінің, формулярлардың, уақытша жеке куәліктердің, шекара аймағы тұрғыны куәліктерінің, азаматтығы жоқ адам куәліктерінің, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаттарының қатаң есептегі бланкілерін қабылдау, есепке алу, сақтау, жұмсау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің төрағасы милиция генерал-майоры Х.Е. Досқалиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр милиция генерал-майоры |
Қ. Қасымов |
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 26 тамыздағы № 442
бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасының азаматы паспорттарының және жеке куәліктерінің, формулярлардың, уақытша жеке куәліктердің, шекара аймағы тұрғыны куәліктерінің, азаматтығы жоқ адам куәліктерінің, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында қоныстану
ықтиярхаттарының қатаң есептегі бланкілерін қабылдау, есепке алу, сақтау, жұмсау тәртібі туралы
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер