Қазақстан Республикасы Әділет және Қаржы министрлерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 297 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 503 бірлескен бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 172, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 598 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2068 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2003 ж., № 3, 771-құжат жарияланған);