«2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 23-1192қ Қаулысы (күші жойылды)

2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 23-1192қ Қаулысы

 

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 158-17қ Қаулысымен күші жойылды

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2011 жылы жұмыссыздар мен оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

Тізбеге енгізуге тиісті қаржылық жылға осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) өтінімдер берген ұйымдар мен кәсіпорындар жатады.

2. «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандарының әкімдері Басқармамен бірлесіп 2011 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар мен оқудан бос уақытта оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.

3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздар мен оқитын жастардың еңбекақы төлемі 2011 жылға жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат шегінде ең төменгі еңбекақыдан төмен емес еңбекақы мөлшерінде нақты орындалған жұмыс көлеміне жүргізілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.