«2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 330 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 342 шешімі
(2012.08.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда облыстық мәслихатының 2012.08.05. № 31 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы кезекті IIIL сессиясының № 330 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4282 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 239-240 санында, облыстық «Кызылординские вести» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 209-210 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
«1) кірістер - 108 488 344 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 7 047 770 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 298 689 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 800 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 101 138 085 мың теңге;
2) шығындар - 108 175 844 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 1 943 307 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 2 568 739 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 625 432 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 312 500 мың теңге;