2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 330 шешімі
Осы редакция 2011 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 78 977 749 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 7 047 770 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 298 689 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 800 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 71 627 490 мың теңге;
2) шығындар - 78 977 749 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - - 625 432 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 625 432 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 625 432 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 625 432 мың теңге.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:
жеке табыс салығы: аудандар бюджеттерінен - 0 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 50 пайызға;
әлеуметтік салық аудандар бюджеттерінен - 10 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 57,3 пайызға.
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемі 29 895 862 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:
мың теңге
| Арал ауданы | 4 448 823 |
| Қазалы ауданы | 4 984 262 |
| Қармақшы ауданы | 3 301 216 |
| Жалағаш ауданы | 2 463 958 |
| Сырдария | 1 834 489 |
| Шиелі ауданы | 4 130 220 |
| Жаңақорған ауданы | 4 791 279 |
| Қызылорда қаласы | 3 941 615 |