Бұл ретте резидент емес үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезiнде шегерiмге жатқызылмайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Салық агентi осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 7, 8, 9 және 10-тармақтарындағы ережелердi қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 85 және 86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.
12. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
198-бап. Салық салынатын табысты анықтау
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы Кодекстiң осы бабында және 200-бабында өзгеше белгiленбесе, резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетiн табысынан корпоративтiк табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң осы бабының және 83 - 149-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығын анықтаған кезде, егер осындай резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын мынадай:
1) осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған табыстар құраса, осы Кодекстiң 139 және 199-баптарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
2. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысын тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай табыс түрлері:
1) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар;
2) осы Кодекстің 85-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар;
3) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;
4) резидент емес заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Резидент емес кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс осындай тұрақты мекеменің табысы болып есептеледі.
Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасындағы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің табысы болып есептеледі.
Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады.
5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстарды алумен тікелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерімге жатады.
6. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:
1) осы резидент емес заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;
2) резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;
3) осы резидент емес заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар;
4) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;
5) құжатпен расталмаған шығыстар;
6) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмсалған басқару және жалпыәкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.
199-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.
Таза табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын табыс алу
осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген ставканы осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысты көбейту жолымен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.
2. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.
3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза табысына корпоративтік табыс салығын төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде жүргізуге міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 200-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
200-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі
1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесi біреуден артық болған жағдайда резидент емес корпоративтiк табыс салығын осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң бірi арқылы оның тұрақты мекемелерiнiң тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға есептi салық кезеңiнiң алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмей:
1) уәкiлеттi органды - тұрақты мекемелердiң қайсысы корпоративтiк табыс салығын есептеудi және төлеудi жүргiзетiнi туралы;
2) тұрақты мекемелерi орналасқан жердегi салық органдарын - таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң барлық тұрақты мекемелерi бойынша бюджетке салық төлеудi жүргiзетiнi туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.
Бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледi.
Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң орналасқан жерi бойынша резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерiнiң бүкiл тобы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиiс.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетiлген табыстарды төлеудi жүзеге асыратын салық агентi бір мезгiлде:
1) резидент емес заңды тұлғаның филиалымен, өкiлдiгiмен, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғамен жасалған келісімшарт болмаған;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша филиал, өкiлдiк ашпай резидент емес заңды тұлғаның филиалы, өкiлдiгi, тұрақты мекемесi жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетiлген табыстардан корпоративтік табыс салығын есептеудi, ұстауды және аударуды осы Кодекстiң 194-бабының 1) тармақшасында белгiленген ставка бойынша шегерiмдердi жүзеге асырмай жүргiзедi.
Салық агентi резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұстаған корпоративтік табыс салығы аталған резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң салық мiндеттемелерiн өтеу шотына есепке алуға жатқызылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме құрылған күннен бастап корпоративтiк табыс салығын осы Кодекстiң 198 және 199-баптарына сәйкес ретроспективтi тәртiппен есептейдi және тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша салық органына көрсетiлген табыстарды қоса отырып, корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс етедi.
Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентiнiң салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргiзiледi.
Осы тармаққа сәйкес резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесi он салық кезеңiне ауыстырылады және осы салық кезеңдерiнiң бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын біртiндеп азайтады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы Кодекстің 562-бабының талаптарын бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелмеген резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен алатын табыстарына осы Кодекстің 194-бабының 1) тармақшасында белгіленген ставка бойынша шегерімдерді жүзеге асырмастан, төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
Осы Кодекстің 562-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезеңде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті.
Бұл ретте тұрақты мекеме құрылған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезең үшін осындай резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетілген кезеңге осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан осы тармаққа сәйкес төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.
Азайту салық агентінің салықты ұстауын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
25-тарау. РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 200-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
200-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары
1. Резидент емес жеке тұлғаның мынадай табыстары салық салуға жатпайды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде олардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша резидент емес жеке тұлғаларға төленетін сыйақылар;
2) сыртқы сауда қызметі жөніндегі келісімшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізумен байланысты төлемдер;
3) резидент сатып алушылар төлеген сатып алу кезіндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомалары;
4) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан астамы дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелері:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың салым мөлшерін барабар азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшының, қатысушының алып қойған кезінде, мүлікті бөлуден түсетін табыс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;
5) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша оларды осы қордың басқарушы компаниясы сатып алған кездегі табыстар;
6) осындай дивидендтер мен сыйақылар есебіне жатқызу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
7) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткізу күнi жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
9) өткізу күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
10) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
11) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
12) Қазақстан Республикасында табысы аз азаматтарды қолдауға (оларға көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер;
13) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес білім беру ұйымының осындай ұйымның қызметкері болып табылатын не Қазақстан Республикасында осындай ұйымның жұмыстарды орындау, оған қызметтер көрсету бойынша қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғаға қатысты iс жүзiнде мынадай:
тұруға;
медициналық сақтандыруға;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасындағы жұмыс орнына дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға нақты жұмсаған шығыстары түрiндегi материалдық пайда.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 201-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
201-бап. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында айқындалған табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген ставкалар бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай салынады.
Төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді және ұстауды салық агенті резидент емес жеке тұлғаға табыстар төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Шетелдік валютамен табысты төлеу кезінде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері табыс төлеу күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
Бюджетке резидент емес жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 200-1-бабы 1-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің 197-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару осы Кодекстің 197-бабына сәйкес жүргізіледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 163-бабы 2-тармағында айқындалған табыстарды қоса алғанда, төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшаларында айқындалған табыстар сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізеді.
Төлем көзінен жеке табыс салығын салық агенті осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей ұстайды.
Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салық агенті резидент емес жеке тұлғаға табыс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қызметі осы Кодекстің 191-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынады.
Бұл ретте резидент емес жеке тұлғалардың табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Егер ұсынылған персоналға табысты резидент емес төлеген жағдайда, жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық базасын осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағына сәйкес резидент емес табыс ететін құжаттар негізінде салық агенті айқындайды.
Шетелдік персонал табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті резидент емес заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер үшін табыс төленген кезде жүргізеді.
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған табыстарының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізеді.
Салық агенті осы Кодекстің 161-бабында белгіленген мерзімде төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға: