«Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 3/446 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында 2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/1011 Қаулысы

Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 3/446 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында 2011-2012 оқу ылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/1011 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі - Бағдарлама) қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында 2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 шілдедегі № 3/446 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 897 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2011 жылғы 6 тамыздағы № 91, «Вечерний Алматы» газетінің 2011 жылғы 6 тамыздағы № 97 сандарында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында 2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 шілдедегі № 3/446 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылғы 22 тамыздағы № 3/558 қаулысының күші жойылсын.

3. Алматы қаласы Білім басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.