Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша резидент еместің жалпы табыстар сомасы Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға негізделіп бөлінуге тиіс.
Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға резидент еместің жалпы табыс сомасын бөлу негізділігін растайтын есептік құжаттаманың көшірмелерін қызметтер алушыға табыс етуге міндетті.
Осы баптың ережелеріне сәйкес резидент еместің Қазақстан Республикасында салық салынуға тиісті табысының сомасын төмендетуге әкеп соққан резидент еместің табысын негізсіз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де резидент еместің жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған жиынтық табыс сомасы салық салуға жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы өнім беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;
2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бір мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнының 50 пайызынан астамы дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бір бөлiгi;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;
4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;
5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
8) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;
10) біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;
11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;
12) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
13) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) мынадай:
осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына;
осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлерi бойынша осы Кодекстiң 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар салық салуға жатпайды.
6. Резидент емес заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы резидент еместің табыстарына төлем көзінен салық салынады.
194-бап. Төлем көзінен табыс салығының ставкалары
Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 6 бабына сәйкес 194-бабы 1) тармақшасының қолданылуы төлем көзінен алынатын табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар -20 процент;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар - 20 процент;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 17 бабына сәйкес 194-бабы 3) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 процент;
4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 процент;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар - 5 пайыз;
6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти -15 процент.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 195-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
195-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аударудың тәртібі мен мерзімдері
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салық агенті бюджетке:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгеннен басқа жағдайда, есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша - табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) есебіне жазылған, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - резидент еместің шегерімге жатқызылған табыстары корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңінің соңғы күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей аударуға тиіс.
Осы тармақшаның ережелері өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алдын ала төлем төленген жағдайда - табысты есептеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша алдын ала төленген төлем сомасы шегінде резидент еместің табысы есебіне жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер резидент еместің табысының есептелген сомасы осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте резидент емеске мұндай табысты төлеу осындай кезең өткеннен кейін жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.
3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент еместің табыстарынан бюджетке аударуды өзінің тұрақты мекемесі орналасқан жер бойынша жүргізеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 196-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
196-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету
Салық агентi өзiнің орналасқан жері бойынша салық органына резидент еместiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде:
1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін - резидент емеске табыстар төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей;
2) төртінші тоқсан үшін - резидент емеске табыстар төлеу жүргізілген және (немесе) резидент еместің есептелген, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабында белгіленген есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге мiндеттi.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді
197-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлiктi және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстардан салықты есептеу, ұстау және аудару
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бап мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) резидент шығарған акцияларды және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе 200-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент емес заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.
Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен:
1) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткізу кезінде - мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;
2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткізу кезінде - осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 200-1-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткізу немесе дивидендтерді төлеу күні заңды тұлғаның активтері құнындағы мүлiк үлесi оның (олардың) акцияларын (қатысу үлестерiн) дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.
Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-1-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) қатысу үлестерiн өткізу күні консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы мүлiк үлесi олардың акцияларын (қатысу үлестерiн) қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар иеленетiн жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкiнiң құны сомасының осындай қатысушылар активтерiнiң жалпы құны сомасына арақатынасы ретiнде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкiнiң құны:
дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесiнiң;
акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.
Дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) өткiзiлетiн заңды тұлғаның барлық активтерiнiң баланстық құн сомасы осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құны болып танылады.
Активтердiң баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:
дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнгi жеке қаржы есептілігiнiң;
дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнi жеке қаржы есептілігi болмаған кезде дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күннiң алдындағы соңғы есептi күнгi жеке қаржы есептілігiнiң деректерi негiзiнде айқындалады.
2. Осы Кодекстің 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент еместің осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстары осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналарды:
1) сәйкестендіру нөмірін және (немесе) резиденттік еліндегі оның аналогын және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізуші және сатып алушы заңды тұлғаның атауын және (немесе) жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағаларын;
3) жасалған мәміле бойынша табыс төлеу күнін;
4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда ол өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді;
5) басқа тұлғалармен мүлікті өткізуші тұлғаның аффилиирленгендігі туралы мәліметтерді (тікелей немесе жанама қатысу мөлшерін) көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылы тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.
Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
5. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін тұлғаға, оның ішінде резидент еместің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуына немесе болмауына қарамастан, резидент емеске жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Салық агенті болып табылатын резидент емес осы Кодекстің 562-бабында белгілеген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
7. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емеске табысты төлеу кезінде ұстайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Табыс салығының сомасын аударуды салық агентi осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Резидент еместердiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агентi осы Кодекстiң 196 және 203-баптарында белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасындағы өзінің тiркеу есебi орны бойынша салық органына табыс етеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Резидент еместiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін мұндай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Салық агентi осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде резидент емес үшiн құн өсiмiнен түсетiн табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.