Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында 2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 3/446 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-баптың 2-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі - Бағдарлама) қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағдарлама аясында 2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Алматы қаласы Білім басқармасы Бағдарлама аясында 2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
2011 жылғы 7 шілдедегі
№ 3/446 Қаулысына қосымша
Бағдарлама аясында 2011-2012 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Оқу мекемесінің атауы | Мамандықтың коды мен атауы | мемлекеттік білім беру тапсырысы | білімі | бір маманды оқытуға жұмсалатын қаржы жылындағы шығынның орташа құны (мың теңге) |
| 1 | «Қазақ қатынас жолдары университеті» мекемесі | 1303000 - Темір жол қозғалысында автоматика, телемеханиканы басқару | 50 | 11 сынып | 22,4 |
|
|
| 1202000 - Жолаушылар мен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру (салалар бойынша) | 50 | 11 сынып | 22,4 |