Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 465 Бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық туралы және бюджетке басқа міндетті төлемдер» (Салық кодексі) Кодексінің 574 және 576 баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5455 болып тіркелген және 2009 жылғы 10 сәуірде № 2 Қазақстан Республикасының орталық орындаушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының актілері Жинағында жарияланған «Салықтық өтініштер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 634 бұйрығына, келесі толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
24) тармақшасы «көтерме» сөзінен кейін «және (немесе) бөлшек» сөздерімен толықтырылсын;
келесі мазмұндағы 37) тармақшасымен толықтырылсын:
«37) Салық кодексінің 279 бабы 6-тармақшасымен қарастырылған, осы бұйрықтың 38 қосымшасына сәйкес, акцизделенетін тауарларды өндіру, жинау (комлектациялау) бойынша тіркеу есебі туралы.»;
24-қосымшасын осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мазмұндалсын;
Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 38-қосымшасымен толықтырылсын.