«Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы функциялар мен өкілдіктерді Әділет министрлігінің тапсыруы және Ішкі істер министрлігінің қабылдауы туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2011 жылғы 1 тамыздағы № 275 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 379 бірлескен бұйрығы

Қылмыстық-атқару қызметі саласындағы функциялар мен өкілдіктерді Әділет министрлігінің тапсыруы және Ішкі істер министрлігінің қабылдауы туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2011 жылғы 1 тамыздағы № 275 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 379 бірлескен бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы пенитенциарлық жүйе туралы» 2011 жылғы 26 шілдедегі Жарлығына сәйкес қылмыстық-атқару қызметі саласындағы функциялар мен өкілдіктерді Әділет министрлігінің (бұдан әрі - ӘдМ) тапсыруын және Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) ұйымдасқан түрде қабылдауын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі - ҚАЖК) балансында тұрған мүлікті, есептерді, ақшалай қаражатты, құжаттарды және басқа да материалдық құндылықтарды әділет органдарынан ішкі істер органдарына қабылдау-тапсыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

2. ВАК ҚАЖК-нің штаттық санын, сондай-ақ ҚАЖК-нің балансында тұрған құжаттарды, есептерді, ақшалай қаражатты, автокөлікті, арттехқаружарақты және басқа да материалдық құндылықтарды, ғимараттарды, имараттарды Ішкі істер министрлігіне тапсыруды қамтамасыз етсін.

Нәтижелері бойынша қабылдау-тапсыру туралы актісі құрылсын және қол қойылсын.

3. ВАК:

1. Аяқталмаған құрылыс объектілерін қабылдау-тапсыруды ұйымдастырсын;

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша 2011 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылдау-тапсыру актілерін құрып, қол қойсын.

2. ҚАЖК-нің «Еңбек», «Еңбек-Өскемен», «Еңбек-Қарағанды» РМК мүліктік кешенінің активтерін қабылдау-тапсыруды қамтамасыз етсін.

4. ІІМ-нің БРБ (Б.Т. Әшенов) ағымдағы жылғы 3 ай ішінде «Еңбек», «Еңбек-Өскемен», «Еңбек-Қарағанды» РМК-нің қаржы-шаруашылық қызметін және ӘдМ-нің ҚАЖК бөліністерінің барлық қабылданатын аяқталмаған құрылыс объектілерін тексеруді жүзеге асырсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.