«2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 493 шешімі (күші жойылды)

2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 493 шешімі

 

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХVI сессиясының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 118 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабына және Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 487 бабының 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 381 «2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 872 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 5 және «Вечерний Алматы» газетінің 2011 жылдың 18 қаңтардағы № 6 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.